Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    «Бала өлі туды»: Семейде 20 жастағы ана шақалақтың денесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен

    «Бала өлі туды»: Семейде 20 жастағы ана шақалақтың денесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен

    Семей қаласының қақ ортасындағы қоқыс жәшігінен шақалақтың мәйіті табылды. Полиция оның анасын тапты. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

    Абай облысының полиция департаменті хабарлағандай, адам шошырлық жайт 3 ақпан күні тіркелген.

    «2026 жылдың 3 ақпанында Әуезов полиция бөліміне Семейде қоқыс жәшігінен сүлгіге оралған жаңа туған нәрестенің мәйіті табылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел-тергеу тобының қызметкерлері шұғыл келіп жетті. Алғашқы іс-шаралар барысында үйінде босанған 20 жастағы қыз анықталды», — деп хабарлайды полиция департаменті.

    Ол полицияға баласы өлі туғанын айтқан.

    «Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің мәйіті сараптамаға жіберілді, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданып, оқиғаға қатысы бар екі тұлғаның әрекеттеріне құқықтық баға беріледі», — деп хабарлайды Абай облысының полиция департаменті.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →