Қарағандыда қақпағы ашық құдықтар қаптап кеткен (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қарағанды қаласында ашық жатқан кәріз құдықтары тұрғындардың наразылығын тудыруда. Бұл жолғы жағдай Қарағанды облысы, Тайыр ықшамауданы маңындағы Космонавтов көшесінде, жанармай құю бекетінің жанынан тіркелген. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды.

Куәгерлердің айтуынша, құдық қақпағы ұзақ уақыттан бері сынған күйде жатыр, ішіне қоқыс та толып кеткен.

Аталған аумақ – халық көп жүретін, балалар жиі өтетін қауіпті нүктелердің бірі.
Желі қолданушылары мұндай ашық қалған құдықтар қалада бір ғана жер емес, бірнеше аумақта бар екенін жарыса жазуда. Темір штырьлар алынғанымен, ашық жатқан люктер сол күйі қалып, нақты қауіп көзіне айналған.
Видео — Instagram: ekaraganda.kz

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика