Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Республика күні: Алматыда 880 орындық үш жаңа мемлекеттік балабақша ашылды • Атырауда әдепсіз сөз айтқан қыздың ата-анасы жауапкершілікке тартылды • Дархан Сатыбалды Республика күніне орай Мемлекет басшысының атынан алматылықтарға мемлекеттік наградалар табыстады • Сексологтар: ер адамдардың 90%-дан астамы үшін төсектегі шынайы дыбыстар – басты қоздырғыш • Алақан мен саусаққа қарап қабілетіңізді анықтаңыз •

    Тоқаев: Конституцияға кез келген өзгеріс тек референдум арқылы жасалады

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Ата заңға енетін кез келген түзету, тіпті шағын өзгеріс болса да, тек референдуммен қабылдануы тиіс екенін айтты.

    Тоқаев: Конституцияға кез келген өзгеріс тек референдум арқылы жасалады
    file_321.jpg

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев болашақта Конституцияға қандай да бір өзгеріс енгізу қажет болса, ол тек референдум арқылы жүзеге асырылуы керек екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Мемлекет басшысы Ата заңды кез келген елдің басты құжаты әрі темірқазығы деп атап, оны құрметтеудің маңызына тоқталды.

    «Конституция, бұл – кез келген елдің ең басты жол көрсететін құжаты, темірқазығы. Конституцияны бәріміз білуіміз керек, бағалауымыз қажет. Сондықтан егер болашақта Конституцияға қандай да бір өзгерістер, тіпті, шағын өзгерістер енгізу керек болып жатса, ондай қадамды тек референдум арқылы ғана жасауға болады деген ойдамын», — деді Президент.

    Оның айтуынша, бұл тәсіл халықтың азаматтық құқығын күшейтудің маңызды жолы болып саналады. Сонымен қатар, арнайы комиссия Конституцияға қатысты барлық ұсынысты мұқият саралап шыққаны белгілі болды.

    «Мұқият ойластырылған түзетулер Конституцияның барлық негізгі бөлімдері мен баптарын, преамбуласын түгел қамтитын болады», — деп толықтырды Мемлекет басшысы.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →