Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Венадағы музейден 600 бриллиантты алқа ұрланды Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді Венадағы музейден 600 бриллиантты алқа ұрланды Талғарда 8 жасар қызға қатысты жыныстық сипаттағы әрекет жасамақ болған ер адам ұсталды Еркебұлан Тоқтар гонорарын жариялады: бір жекпе-жек 40-50 млн теңге Ақмола облысында ер адам қозғалып бара жатқан вагонның астына түсті «Миссия орындалды»: Динара Сәтжан көптен күткен қуанышымен бөлісті БАӘ-де қаза тапқан екі қазақ қызының денесі елге жеткізілді

    «Теңіздегі» техникалық апат: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады

    «Теңіздегі» техникалық апат: Энергетика министрлігі мәлімдеме жасады
    Фото: Энергетика министрлігі

    Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың тапсырмасымен энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Теңіз кен орнына барып, жағдайды бақылауда ұстау және оператормен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Фото: Энергетика министрлігі

    Энергетика министрлігінің мәліметінше, 18 қаңтарда орын алған технологиялық бұзушылықты (газ турбиналық қондырғыларының өшуі) толық анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті.

    Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің энергетика басқармасы, «KEGOC» және «Теңізшевройл» өкілдері кірді.

    Мұнай өндіруді уақытша тоқтату оператор (ТШО) тарапынан персоналды және жабдықты қорғау мақсатында қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес қабылданды.

    "Теңіздегі" техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды

    Қазіргі уақытта комиссия болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі техникалық талдауда. Барлық ресми қорытындылар мен пікірлер тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады.

    Айта кетейік, елімізде «Теңіз» және «Королев» мұнай кен орындарында мұнай өндіру уақытша тоқтады. Бұған өндірістік нысандардағы электр энергиясын тарату жүйелерінде туындаған техникалық ақау себеп. Шешім мұнай зауытындағы өрттің кейбір электр тарату жүйелеріне әсер еткеніне байланысты қабылданып отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →