Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 15 қыркүйек 2026 $ 452,2 523,1 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда корей капиталы бар 1 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді — Президент Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Alatau Smart City жобасымен танысты Криптовалютаға ақша салып, ұтылсаңыз, шығынды ешкім өтемеуі мүмкін Ақшамыз тағы «цифрланады»: қазақстандықтарға стейблкоин не үшін керек? Шикізаттан дайын өнімге: экономист Қазақстанға не қажет екенін айтты ЖИ адамды жұмыссыз қалдыра ма? Вице-министр жауап берді Қазақстанда корей капиталы бар 1 мыңнан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді — Президент Тоқаев пен Оңтүстік Корея Премьер-министрі Alatau Smart City жобасымен танысты Криптовалютаға ақша салып, ұтылсаңыз, шығынды ешкім өтемеуі мүмкін Ақшамыз тағы «цифрланады»: қазақстандықтарға стейблкоин не үшін керек? Шикізаттан дайын өнімге: экономист Қазақстанға не қажет екенін айтты ЖИ адамды жұмыссыз қалдыра ма? Вице-министр жауап берді

    Қазақстанда қытай көліктерінің үлесі 40%-ға жетті: Бірақ көш басында кім тұр?

    Қазақстанда өткен жылы сатылған жаңа көліктердің 39%-ы қытайлық брендтер болды. Алайда ең танымал үштікке Hyundai, Chevrolet және Kia кірді.

    Қазақстанда қытай көліктерінің үлесі 40%-ға жетті: Бірақ көш басында кім тұр?
    file_155.jpg

    Қазақстанда бір жыл ішінде 234 852 жаңа жеңіл және коммерциялық көлік сатылып, нарық 14,4%-ға өскен. Дегенмен, сатылған көліктердің 39%-ын қытайлық брендтер құраса да, олар ең танымал үштікке ене алмады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Автокөлік нарығындағы көшбасшылар қатары өзгеріссіз қалды. Ең көп сатылған брендтер тізімінде Hyundai, Chevrolet және Kia алдыңғы орындарды ешкімге бермеді. Бұл кореялық және америкалық брендтердің қазақстандықтар арасындағы сенімі жоғары екенін көрсетеді.

    Ал қытайлық брендтер арасында Chery, Jetour, Haval және Changan ерекше сұранысқа ие болды. Олардың нарықтағы жалпы үлесі өткен жылғы деңгейде, яғни 39% шамасында сақталды. Бұл көрсеткіш қытай автоөнеркәсібінің елдегі ықпалы артып келе жатқанын аңғартады.

    Сонымен қатар, Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі тарихи рекорд орнатты: жергілікті зауыттар бір жылда 171 мыңнан астам машина құрастырып шығарды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →