Оралда жаяу жүргінші қайғылы жағдайда көз жұмды

Фото: видеодан скрин

Батыс Қазақстан облысында жаяу жүргіншінің өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Qazaqtoday.info ақпарат порталы хабарлады.

Полицияның мәліметінше, 15 қаңтар күні сағат 09:23 шамасында Орал қаласындағы Құрманғазы көшесінде, «Мектепші» сауда үйінің маңында Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен.

Алдын ала ақпарат бойынша, жаяу жүргінші жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. Ауыр жарақат алған азамат оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі таңда жол апатының барлық мән-жайы анықталу үстінде.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Яндекс.Метрика