Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО) Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Атырауда Қызыл кітапқа енген лотостың жаңа алқабы пайда болды Қазақстан мен Лаос президенттерінің кездесуіндегі уағдаластықтар талқыланды Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 455,86 теңгеге жетті Астанада зәулім үй өртке оранды (ВИДЕО)

    «Өзімді жақсы сезінемін»: Жас күйеуінен ажырасып кеткен актриса жазба жариялады

    «Өзімді жақсы сезінемін»: Жас күйеуінен ажырасып кеткен актриса жазба жариялады

    Фото: Almaty.tv

    Қазақстандық әнші, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова соңғы бір жылда өмірінде орын алған жеке өзгерістер жайлы ойымен бөлісті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында ашық жазған, деп жазады Qazaqtoday.info ақпарат порталы. 

    Өнер иесінің айтуынша, қазір өзін бұрынғыдан гөрі үйлесімді әрі сабырлы сезінеді. Әсел жалғыздыққа, қарым-қатынасқа және жеке құндылықтарға деген көзқарасын түбегейлі қайта қарағанын жеткізді.

    «Өткен жылдың ең үлкен сыйы – жалғыздықтан қорықпайтын болдым. Өзімді уытты сезінетін қарым-қатынастарға жабыспаймын, өміріме кедергі келтіретін немесе жанымды ауыртатын нәрселердің бәрін алып тастаймын», – деп жазды ол.

    Сондай-ақ актриса өз-өзімен және жақын жандарымен бірге болғанда өзін еркін әрі жайлы сезінетінін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде баршаға бірдей ұнауға тырысу ол үшін маңызды емес.

    «Өзіммен және жақсы көретін адамдарыммен бірге болғанда өзімді жақсы сезінемін. Қазір менің құндылығым басқаша қалыптасты – енді “менің адамдарым” емес жандардың мақұлдауына уақыт пен күш жұмсағым келмейді», – деп түйіндеді Сәдуақасова.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →