Басты бет » БҚО: 100 млн теңге пара алған департамент басшыларының бірі қамауға алынды

БҚО: 100 млн теңге пара алған департамент басшыларының бірі қамауға алынды

file_75.jpg

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер департаменті басқарма басшыларының бірі ірі көлемде пара алды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді. ҰҚК-ның жаңадан құрылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі шекара арқылы тауарларды заңсыз тасымалдау арнасының жолын кескен.

Арнайы операция нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшыларының бірі мен оның астаналық сыбайласы ұсталды. ҰҚК таратқан видеода күдіктілердің пара беру сәті түсірілген.

Ведомствоның ақпаратынша, департамент шенеунігі мен оның сыбайласы ақшалай сыйақы үшін елге контрабандалық жолмен халық тұтынатын тауарларды кіргізуге көмектескен. Алынған параның жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асса, мемлекетке келтірілген шығын 1,9 миллиард теңгеге жеткен.

Комитет тергеу мүддесіне байланысты істің басқа мән-жайын жария етпейтінін хабарлады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика