2025 жылы банктер несие көлемін 22% ұлғайтты, алайда қарыз алушылардың төлем қабілеті бұл қарқынға ілесе алмады, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Қазақстан Ұлттық банкінің дерегіне қарағанда, 90 күннен аса уақыт төленбей тұрған қарыз бір жылда 47% көбейді.
Бұл өсім шамамен 436 млрд теңге көлемінде жаңа проблемалық берешек қосылғанын көрсетеді. Яғни несие портфелі сапасының нашарлау қарқыны жаңа несие берудің өсімінен екі еседен де жоғары шықты.
Кешіктірілген қарыздың басым бөлігі ірі банктердің үлесіне тиеді:
Halyk Bank — 168 млрд теңгеге өсті (62%)
Kaspi Bank — 133 млрд теңгеге өсті (47%)
ForteBank — 47 млрд теңгеге өсті (85%)
Bank RBK — 30 млрд теңгеге өсті (74%)
