Фото: pexels.com
Алдағы күндері еліміздің батысы, солтүстік-батысы мен солтүстігін атмосфералық фронттар қамтып, жауын-шашын мен көктайғақ әкеледі. Солтүстік өңірлерде боран соғуы мүмкін, ал республика көлемінде тұман мен қатты жел күтіледі, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды:
- Батыс өңірлерде түнде -8…+5°С, күндіз -3…+8°С;
- Солтүстік-батыста түнде -5…-20°С, күндіз -8…+1°С;
- Солтүстікте түнде -7…-15°С, күндіз -2…-10°С;
- Орталықта түнде -5…-15°С, күндіз -6…0°С;
- Шығыста түнде -10…-20°С, күндіз -2…-13°С;
- Оңтүстікте түнде -7…+2°С, күндіз +1…+14°С;
- Оңтүстік-шығыста түнде -8…0°С, таулы аудандарда -13…-18°С, күндіз -3…+12°С, таулы жерлерде -3…+2°С.
