Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Иорданиядағы шіркеу маңындағы шабуылдан жеті адам қаза тапты •

    Тоқаев православ христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады

    Президент Тоқаев православ христиандарды Рождествомен құттықтап, діндердің қоғамдағы рөлі мен өзара құрметтің маңызын атап өтті.

    Тоқаев православ христиандарды Рождество мерекесімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы православие дінін ұстанатын азаматтарды Рождество мерекесімен құттықтады. Президент бұл күннің адамдардың жүрегіне үміт пен мейірімділік, бауырмалдық пен сенім орнататынын атап өтті, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Тоқаев өз құттықтауында христиандық пен басқа да дәстүрлі діндердің адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарына сүйенетінін баса айтты. Оның айтуынша, әділеттілік, кешірім, шынайылық, жауапкершілік, мейірімділік пен үйлесімділік секілді қасиеттер – бұл діндердің негізгі арқауы.

    «Православие елімізде дінаралық келісімді күшейтіп, жас ұрпақты еңбекқорлыққа, отансүйгіштік пен отбасы құндылықтарына тәрбиелеуге елеулі үлес қосып келеді», – деді Президент.

    Ол сондай-ақ Қазақстанда бірлік, ынтымақ пен өзара көмектесу қағидалары мемлекеттік саясаттың негізін құрайтынын атап өтіп, бұл құндылықтардың ел жетістіктерінің берік іргетасы екенін жеткізді.

    «Біз бір-бірімізге құрмет пен сенім танытып, жанашырлық білдіру арқылы әділет пен даму жолында алға қадам жасай береміз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Сөз соңында мемлекет басшысы барлық православ христиандарға және еліміздің барлық азаматтарына амандық, зор денсаулық пен табыс тіледі.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →