Шымкент қаласында алаяқтық жасады деген күдікпен әйел адам ұсталды. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол бірнеше адамды алдап, жалпы сомасы 80 миллион теңгеден асатын материалдық шығын келтірген, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.
Бірінші жағдайда күдікті кәсіпкер әйелдің сеніміне кіріп, алтын әшекейлерін алған. Артынша берген уәдесін орындамай, зергерлік бұйымдарды қайтармаған.
Екінші эпизод – шетелге туристік сапар ұйымдастырумен байланысты. Күдікті тиімді жолдама ұсынып, клиенттерден алдын ала төлем алған. Алайда уәде етілген сапарлар ұйымдастырылмаған.
«Күдіктіні халықаралық іздеу жарияланды. Жүргізілген арнайы шаралардың нәтижесінде ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары барлық оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Фото: Әлеуметтік желіден
