Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    2026 жылы әлемде таралған жұқпалы аурулар: саяхатшыға арналған қауіпсіздік жаднамасы Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты Ұлыбританияда соқыр ер адам мас күйінде 240 шақырым жүргізіп, сотталды WBC рейтингі: Қазақстаннан жеті боксшы енді, Нұрсұлтанов көш бастады 2026 жылы әлемде таралған жұқпалы аурулар: саяхатшыға арналған қауіпсіздік жаднамасы Көкшетауда автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам зардап шекті Димаш Құдайберген Кәріпбек Күйіковтің кітабын оқырмандарға ұсынды Азиада-2026: Қазақстан қоржыны тағы екі медальмен толықты Ұлыбританияда соқыр ер адам мас күйінде 240 шақырым жүргізіп, сотталды WBC рейтингі: Қазақстаннан жеті боксшы енді, Нұрсұлтанов көш бастады

    Түркияда атақты сериалдың актері ұсталды

    Түркияда атақты сериалдың актері ұсталды

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Соңғы кездері көрермен ықыласына бөленген Мүкжидек шербеті сериалына түскен актер қамауға алынды. Түркияда ірі есірткі ісі бойынша шоу-бизнес, медиа және іскерлік орта өкілдеріне қатысты ауқымды операция жүргізілген, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    T24 хабарлауынша, операция барысында актер Догукан Гюнгөр (сериалда Фатих рөлін сомдайды), әнші Аля Шахинер, сондай-ақ Хадисе, Йылдыз Тильбе және Гюльшен сияқты жұлдыздармен жұмыс істеген менеджер Халук Шентүрік ұсталған. Іске жалпы 26 адам тартылып отыр.

    Ыстамбұл прокуратурасының дерегіне сәйкес, 5 қаңтарға қараған түні сағат 01:00-де Ыстамбұл, Измир, Денизли және Мугле қалаларында бір мезетте арнайы операция өткізілген. Нәтижесінде 23 күдікті қолға түскен, екеуі шетелде жүргені анықталса, тағы бір адам өзге қылмыстық іс бойынша қамауда отырған.

    Тергеу материалдарына сәйкес, күдіктілерге есірткі және психотроптық заттарды жеке пайдалану үшін сақтау, есірткі қолдануға итермелеу, сондай-ақ жезөкшелікке тарту мен делдалдық жасау баптары бойынша айып тағылған.

    Бұған дейін де Ыстамбұлда медиа, өнер және бизнес саласының бірқатар өкілдері ұсталғаны хабарланған. Кейбірі куәлік беріп, медициналық тексеруден кейін босатылғанымен, жекелеген эпизодтар бойынша Мехмет Акиф Эрсой мен тележүргізуші Элу Рюмейс Джебеджи қамауға алынған.

    Прокуратура өкілдері «қоғамдық моральға, әлеуметтік құрылым мен отбасы құндылықтарына қауіп төндіретін» фактілер бойынша тергеу жалғасатынын мәлімдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →