Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұзақ жылдардан кейін табысты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұзақ жылдардан кейін табысты •

    Кентаудағы жарылыстан бір қыз қайтыс болды: Жақындары газдың иісін айтқан

    Түркістан облысы Кентаудағы қымызханада жарылыс болып, 18 жастағы бойжеткен қаза тапты. Жақындары газдың иісі сезілгенін ескерткен.

    Кентаудағы жарылыстан бір қыз қайтыс болды: Жақындары газдың иісін айтқан

    Түркістан облысы Кентау қаласындағы қымызханада Жаңа жыл түні болған жарылыстан 18 жастағы бойжеткен көз жұмды. Қайғылы оқиғада денесін күйік шалған тағы төрт адам ауруханаға түсті. Зардап шеккендердің екеуі жансақтау бөлімінде емделіп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Қаза тапқан Дана Сағынғалиқызы бұл мекемеде небәрі бір ай бұрын жұмысқа тұрған. Ол колледждің 2-курс студенті болған. Жақындары Жаңа жыл кешінде Дананы жұмысы аяқталған соң алып кетпек болғанын айтады. Алайда жұмыс қарқынды жүріп жатқанын сылтауратып, басшылық оны жібере қоймаған.

    Оқиға алдындағы сәтте анасы мен сіңлісі қымызханадан газ иісі шығып тұрғанын аңғарып, ескерткен. Бұл жайлы бірнеше адам айтып, қауіп туралы алдын ала ескерту болған.

    «Қауіптің барын айтқанымызбен, ешкім тыңдамады. Енді қызыымыздан айырылып қалдық. Кінәлілер жауапқа тартылсын,» – дейді марқұмның жақындары.

    Кентау әкімдігі жарылысқа байланысты іс қозғалғанын және оқиғаның себептері толық анықталып жатқанын хабарлады. Сондай-ақ, жарылыстан зақым келген үйлерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетіні айтылды.

    Фото: Әлеуметтік желіден

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →