Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұзақ жылдардан кейін табысты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • Назым Қызайбай мен Ангелина Лукас ұзақ жылдардан кейін табысты •

    Ақмола облысында боран салдарынан республикалық жолдар жабылды

    Ақмола облысында боран мен көрудің нашарлауына байланысты үш бағыттағы республикалық жолдар жабылды.

    Ақмола облысында боран салдарынан республикалық жолдар жабылды

    Фото: pexels.com

    6 қаңтар күні таңғы 08:00-ден бастап Ақмола облысында ауа райының күрт нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Qazaqtoday ақпарат агенттігі.

    Шектеулер келесі бағыттарда қолданылады:

    • «Жақсы — Есіл — Бузулук» автожолы, 0-ден 71 шақырымға дейін (Жақсы елді мекенінен Ақсайға дейін);
    • «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» жолы, 915-тен 1002 шақырымға дейін (Атбасар — Жақсы аралығы).

    Сонымен қатар, «Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының Қостанай облысы шекарасынан Сурған елді мекеніне дейінгі 337–552 шақырым аралығы да жабылды. Бұл шешім қар бораны мен көру қашықтығының 50 метрге дейін төмендеуіне байланысты қабылданған.

    «Жолдағы жағдайды ескере отырып, барлық автокөлік түрлеріне уақытша қозғалыс шектеуі қойылды», — деп мәлімдеді «ҚазАвтоЖол» компаниясы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →