Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 24 қазан 2026 $ 449,2↑€ 503,8↑₽ 5,49↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті • Ресей дәрігері: үйленген әйелдер мен аналар ұзағырақ өмір сүреді • Оралда Республика күніне орай «Хан тоғайы» экологиялық саябағы ашылды • Алматыда Болат Назарбаевтың бейнесі түсірілген сағат 600 мың теңгеге сатылуда • Астанада демалыс күндері қар жауа ма? Синоптиктер болжамы • Атырауда мұнай өңдеу зауытының санитарлық аймағындағы үйлерді көшіру қарастырылуда • Петропавлда қыз қозғалыстағы көліктен секіріп, басқа көлік қағып кетті •

    Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен – мемлекетшіл адаммын

    Қасым-Жомарт Тоқаев: Мен – мемлекетшіл адаммын

    Бұл туралы «Turkistan» газетіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    – Мен 1975 жылы КСРО сыртқы істер министрлігінің табалдырығын алғаш рет аттадым, мемлекеттік қызметке келгеніме былтыр 50 жыл болды. Алғашқы мамандығым бойынша мен – қытайтанушымын. Бұл кәсіп айрықша табандылықты қажет етеді. Шынымен де, мәтінмен жұмыс істеуге әбден дағдыланғанмын, нашар стильді, әсіресе, әріп қатесін суқаным сүймейді.

    Жолдауларымды, сөйлейтін сөздерімді, мақалаларымды, тіпті, әріптестеріме жолданатын хаттардың бәрін тікелей өзім қарайтынымды аппараттағылардың барлығы біледі, – деді Президент.

    Мемлекет басшысы саналы ғұмыры темірдей тәртіпті, зор жауапкершілікті, жүйелі жұмыс істеуді талап ететін мемлекеттік қызметте өтіп келе жатқанын айтты.

    – Мұның бәрі менің мінез-құлқым мен дүниетанымыма өз әсерін тигізді. Сондықтан, «Сіз кімсіз?» деген сипаттағы сауалыңызға қысқаша ғана «мен – мемлекетшіл адаммын» деп жауап берейін, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →