Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 4 қыркүйек 2026 $ 455,1 527,8 5,21
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады? Дж. Шетти: теледидар алдындағы ортақ демалыс отбасылық өмірді іштей жегідей жейді Оралда 10 жасар бала электр қосалқы станциясында токқа ұрынып қаза тапты Кенжебек Жанәбілов Ақтауға оралды: «МузАРТ» тобы толық құрамда өнер көрсетуге дайын Ақбаян Мұқанғалиева емдеу мекемесінен шығып, балаларымен кездесті Астанада саяхатшының велосипеді жоғалды деген ақпарат расталмады Қырық үш мақсат және он мектеп: жасанды интеллект қазақстандық сыныпқа қалай кірді және одан не күтуге болады?

    Financial Times 2026 жылға саяси болжамын жариялады: әлемді не күтіп тұр?

    Financial Times 2026 жылдағы саяси ахуал жайлы болжам жасады: Украина, АҚШ пен Еуропада тұрақтылық сақталуы мүмкін.

    Financial Times 2026 жылға саяси болжамын жариялады: әлемді не күтіп тұр?

    Фото: pexels.com

    Financial Times 2026 жылға арналған дәстүрлі жаһандық болжамын жариялады. Басылым өткен жылғы өз болжамдарының дәл болмағанын ашық мойындады: 2025 жылға арналған 20 болжамның жетеуі ғана орындалған.

    Бұл туралы Qazaqtoday ақпарат агенттігі хабарлайды.

    Газет биылғы болжамында күрт саяси өзгерістер болмайды деп есептейді. Украина президенті Владимир Зеленскийдің Ресеймен бейбіт келісім аясында Донбастан бас тартуы екіталай – FT мұндай қадамды әскери, саяси және конституциялық тұрғыдан мүмкін емес деп бағалайды.

    АҚШ-та Дональд Трамп 2026 жылдың соңына қарай қатаң сауда тарифтеріне қатысты ұстанымын жұмсартуы мүмкін. Басылымның болжамына сәйкес, ол жартылай өткізгіштер мен фармацевтикалық өнімдерге салынатын жаңа баж салығынан бас тартып, өзге шараларды да келіссөздер арқылы жеңілдетуі мүмкін.

    2026 жылы Еуропа мен Азияда не өзгереді?

    FT мәліметінше, Францияда мерзімінен бұрын парламент сайлауы өтпейді, ал Германия ультраоңшыл «Германия үшін альтернатива» партиясына қарсы «санитарлық шектеу» саясатын сақтап қалмақ.

    Ұлыбританияда премер-министр Кир Стармер және Лейбористік партия 2026 жылғы мамыр айындағы жергілікті сайлауда қиындықтарға тап болуы мүмкін. Ал Жапонияда премьерлік қызметті Санаэ Такаити сақтап қалуы ықтимал.

    Қазақстанға әсері бола ма?

    Мұндай жаһандық өзгерістер Қазақстан экономикасы мен сыртқы саясатына жанама әсер етуі мүмкін. Әсіресе, АҚШ-тағы сауда саясаты мен Еуропадағы тұрақтылық деңгейі елдің экспорттық нарығына ықпал етуі ықтимал.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →