Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 27 қыркүйек 2026 $ 442,8↑€ 504,4↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстан семсерлесушілері Азия ойындарында шпагадан алтын алды • Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды • Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға қатысты жалған ақпараттар теріске шығарылды • Тоқаев Қорғаныс министрі Мырзахметовті қабылдап, нақты тапсырмалар берді • Тоқаев бір топ әскери қызметшіні «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады • Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда қаза тапқан әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталды • Қазақстан семсерлесушілері Азия ойындарында шпагадан алтын алды • Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік аудит басталды • Маңғыстаудағы қайғылы оқиғаға қатысты жалған ақпараттар теріске шығарылды • Тоқаев Қорғаныс министрі Мырзахметовті қабылдап, нақты тапсырмалар берді • Тоқаев бір топ әскери қызметшіні «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады • Маңғыстаудағы оқу-жаттығуда қаза тапқан әскерилер мемлекеттік наградалармен марапатталды •

    FlyArystan әуе компаниясындағы шу: жолаушылар тәуліктен аса әуежайда қалды

    FlyArystan әуе компаниясындағы шу: жолаушылар тәуліктен аса әуежайда қалды

    Фото: видеодан скрин

    Ақтөбе – Ақтау бағыты бойынша FlyArystan әуе компаниясының рейсі бірнеше мәрте кейінге шегеріліп, жолаушылар ұзақ уақыт бойы әуежайда күтуге мәжбүр болды. Алдын ала белгіленген жаңа ұшу уақыты да жүзеге аспай, рейс мүлде орындалмай қалған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Жолаушылардың айтуынша, жағдайды одан сайын ушықтырған жайт – әуежайда екі бірдей FlyArystan ұшағының тұрғанына қарамастан, ешқайсысының ұшпауы. Осы уақыт ішінде компания тарапынан нақты себептер айтылмай, ресми түсіндірме де берілмеген.

    Куәгерлер FlyArystan өкілдерінің жолаушылармен байланысқа шығуға асықпағанын, жауапкершілікті сезінбегенін алға тартады. Ұзақ күтуден қажыған адамдар әлеуметтік желіде әуе компаниядан рейстің кешігу себебін ашық айтып, нақты ұшу уақытын жариялауды талап етіп жатыр.

    Бұл оқиға FlyArystan-ның жолаушылар алдындағы міндеттемелерді орындау мәселесі қоғам назарында әлі де өзекті екенін көрсетіп отыр. Жолаушылар тасымалына қатысты мұндай келеңсіздіктер компанияның қызмет сапасына деген сенімге сызат түсіретіні анық.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →