Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    ШҚО-да 19 жастағы бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)

    ШҚО-да 19 жастағы бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)

    Фото: видеодан скрин

    Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері тыйым салынған интернет-дүкенге қатысы бар тағы бір күдіктіні анықтады. 2006 жылы Алматы облысында туған азаматша есірткі саудасымен айналысатын онлайн желіде «қойма-ораушы» ретінде жұмыс істеп жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Күдікті жалдап тұрған пәтерде санкцияланған тінту жүргізу барысында ақ түсті ұнтаққа ұқсас зат салынған бес полимерлі қаптама және өсімдік тектес заты бар екі пакет табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижесінде алынған психотроптық заттардың жалпы салмағы 495,32 грамм екені анықталды.

    Тергеу мәліметінше, ұсталған азаматша мессенджер арқылы есірткі таратумен айналысатын жұмысқа орналасып, белгісіз куратормен байланыста болған. Ол куратордан түрлі тапсырмалар алып отырған.

    Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    ШҚО полиция департаменті интернет арқылы жастарды есірткі бизнесіне тарту фактілерінің жиілеп бара жатқанын ескертіп, мұндай «жеңіл табыс» қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін атап өтті. Құқық қорғау органдары жастарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстардан бас тартуға шақырады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →