Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жазира Байырбекова Ләйлә Сұлтанқызы мен Қарақат Әбілдинамен бас қосып, әзіл жазба жариялады • Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органының есебін тыңдап, тапсырмалар берді • Тоқаев Фуджейрадағы жол-көлік апатына байланысты Әл Наһаянға көңіл айтты • Тоқаев ҚТЖ-дан табыстылықты арттырып, кедергілерді жоюды талап етті • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде көлік-транзит саласын дамытуды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді • Жазира Байырбекова Ләйлә Сұлтанқызы мен Қарақат Әбілдинамен бас қосып, әзіл жазба жариялады • Тоқаев ұлттық қауіпсіздік органының есебін тыңдап, тапсырмалар берді • Тоқаев Фуджейрадағы жол-көлік апатына байланысты Әл Наһаянға көңіл айтты • Тоқаев ҚТЖ-дан табыстылықты арттырып, кедергілерді жоюды талап етті • Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінде көлік-транзит саласын дамытуды тапсырды • Марат Омаров Нұрлан Өнербаевтың «Анашым» әнін неге орындамай жүргенін түсіндірді •

    Үш айлық үнсіздік: Өскеменде тұрғындар лифтінің істемеуіне шағымдануда

    Үш айлық үнсіздік: Өскеменде тұрғындар лифтінің істемеуіне шағымдануда

    Фото: видеодан скрин

    Өскемен қаласындағы Момышұлы көшесі, 14-үйдің тұрғындары үш айдан бері жұмыс істемей тұрған лифтке байланысты үлкен қиындық көріп отыр. Қазан айынан бері тоқтап қалған көтергіш әлі күнге дейін жөнделмеген, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    Үй тұрғыны, 70 жастан асқан зейнеткер Бақытбек Әміреновтің айтуынша, күн сайын бірнеше қабатқа жаяу көтерілу оның денсаулығына ауыр соғуда.
    — Бұл жаста баспалдақпен күнде шығу оңай емес. Бірақ басқа амал жоқ, — дейді ол.

    Мәселе тек қарияларға ғана емес, балалы аналарға да салмақ түсіріп отыр. Олар сәбиі мен тұрмыстық заттарын көтеріп, күніне бірнеше рет жоғары-төмен жүруге мәжбүр. Тұрғындар мұндай жағдайдың ұзаққа созылуы қауіпті екенін айтып, алаңдаушылық білдіруде.

    Айтуларынша, жауапты мекемелерге бірнеше рет жүгінгенімен, нақты нәтиже болмаған. Үш ай бойы мардымды шешім қабылданбауы халықтың наразылығын күшейтіп отыр.

    Қауіпсіздікке қатер төнбей тұрып, тұрғындар лифтті жедел түрде жөндеуді талап етуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →