Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстанда рейстік автобус өртеніп, 37 жолаушы эвакуацияланды «Челси» мен «Джохор» арасындағы матч 3:3 есебімен тең аяқталды Алматы облысындағы психиатриялық ауруханаға қатысты тексеру қорытындысы жарияланды Президент Тоқаевтың сүйікті сәйгүлігі Ақжанның бейнесі алғаш рет жарияланды Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады

    Алматыда бірден 50 жолаушы пойызда уланған

    Алматыда бірден 50 жолаушы пойызда уланған

    Фото: biletik.aero

    Алматы-2 теміржол станциясына келген пойыздан 52 жолаушы көміртегі тотығына уланып, медициналық көмекке жүгінді. Зардап шеккендердің арасында балалар да бар, екі бала жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, оқиға орнына шұғыл түрде жедел жәрдемнің 13 бригадасы жіберілген.

    «Жалпы 52 адам, оның ішінде бірнеше бала зардап шекті. Барлық науқастар қала ауруханаларының қабылдау бөлімдеріне жеткізіліп, тексерілді және алғашқы медициналық көмек көрсетілді», – деп мәлімдеді ведомство.

    Тексеру нәтижесінде 10 баланың ауруханаға жатқызылғаны анықталды. Екі бала жансақтау бөлімінде, қалғандары профильдік бөлімшелерде ем қабылдап жатыр.

    «Қалған жолаушылар тексеріліп, алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін тұрғылықты жерлері бойынша амбулаторлық емге жіберілді. Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы дәрігерлер бақылауында, барлығы қажетті көмекпен қамтамасыз етілген», – деді басқарманың өкілдері.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →