Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты Астанадағы жасанды интеллект олимпиадасы жеңімпаздары Telegram жүлделерін ала алады «Челси» «Джохормен» матчқа шығатын құрамды жариялады Батыс Қазақстан облысында жолаушылар мінген автобус өртке оранды «Қателігімді түсіндім»: «Шоқан» брендінің иесі Борат бейнесін жарнамада қолданғаны үшін кешірім сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты

    Депутат ерекше балаларды тәрбиелейтін мамандардың мүсіркелерлік айлығын көтеруді талап етті

    Депутат ерекше балаларды тәрбиелейтін мамандардың мүсіркелерлік айлығын көтеруді талап етті

    Фото: Мәжіліс баспасөз қызметі

    Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев ерекше балалармен жұмыс істейтін әлеуметтік қызметкерлердің мүлде лайықсыз еңбекақы алып жүргенін ашық айтты. Оның сөзінше, күні бойы ерекше күтімді қажет ететін балаларды бағып-қағатын мамандардың айлығы небәрі 180 мың теңге шамасында. Депутат бұл жағдайды «масқара» деп атап, мәселені дереу шешуді талап етті, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Сәрсенғалиев бірнеше орталықты аралап, өз көзімен көрген жағдайды баяндады. Мысалы, Астанадағы «Жан-сая» орталығында 640 бала ем алып жатыр, ал оларға қызмет көрсететін 160 маманның еңбекақысы мардымсыз деңгейде қалып отыр.

    Оның айтуынша, осындай төмен жалақы саланың кадр тапшылығын күшейтіп жатыр. 2024 жылы бұл салада 53 маман жұмыстан кетсе, биылдың алты айында тағы 28 қызметкер қызметтен кеткен. Депутат мұндай жағдай елдегі көптеген әлеуметтік орталыққа тән екенін жасырмады. Тіпті кей ұйымдарда бір қызметкерге 900-ге жуық ата-әжені қарау міндеттелетінін жеткізді.

    Сәрсенғалиев Үкіметке әлеуметтік саладағы мамандардың жалақысын шұғыл өсіруді ұсынды. Оның айтуынша, ерекше балалар мен қарттарға күн сайын қамқорлық көрсететін мамандарды ұстап қалу – мемлекеттің кейінге қалдыруға болмайтын ең маңызды міндеттерінің бірі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →