Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 21 қазан 2026 $ 450,2↓€ 505,8↓₽ 5,44↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Көргенсіз, ұятсыз»: Қайрат Нұртас тыңдарманына ренжіді • Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті • «Көргенсіз, ұятсыз»: Қайрат Нұртас тыңдарманына ренжіді • Пәкістанмен сауда ұлғаймақ: Қазақстанда тауар бағасы арзандай ма? • Бакуден Ереванға дейін: Тоқаевтың Қатар және Израиль басшыларымен кездесуі мен Каспий итбалығы үшін үндеуі • СҚО-да белгісіз сусын ішкен екі ер адам қайтыс болды • «Соғымға соймаңыздар»: Көкшетаудағы Саргүл есімді қой желіні сүйсінтті (ВИДЕО) • «Мама келіп, берекеміз артып жатыр»: Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі енесін көрсетті •

    Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады

    Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында күтпеген мәлімдеме жасады

    Фото: olympic.kz

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBO және BF нұсқаларының әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы жастарға арнаған маңызды үндеуін жариялады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

    6 желтоқсанда ол АҚШ-та Эрисланди Лараға қарсы шешуші жекпе-жек өткізеді. Айқас қарсаңында спортшы жастарды құмар ойындарға әуестенбеуге әрі өз жекпе-жегіне бәс тікпеуге шақырды.

    «Мен үшін әр қазақтың амандығы қымбат. Ешбір отбасының шаңырағы шайқалмасын! Жастарға құмар ойыннан аулақ болуды, менің кездесуіме ақша тікпеуді өтінемін», – деп жазды ол Instagram желісінде.

    Еске сала кетсек, Әлімханұлы бес күннен кейін АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антонио қаласындағы Frost Bank Center кешенінде рингке шығуы тиіс. Бұл айқас WBA, IBF және WBO белбеулерін біріктіретін аса маңызды чемпиондық кездесу болмақ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →