Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті • Рембрандттың «Түнгі күзет» картинасынан 20-дан астам бактерия түрі табылды • Канье Уэстке қарсы сот: музыкантты бөлмеге қамап, операны төрт күнде жасатқан • Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда медаль алды және финалға шықты • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Свитолина Соболенконы жеңіп, WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шықты • Дариға Бадықова Айшолпанмен бірге жаңа образын көрсетті • Рембрандттың «Түнгі күзет» картинасынан 20-дан астам бактерия түрі табылды • Канье Уэстке қарсы сот: музыкантты бөлмеге қамап, операны төрт күнде жасатқан • Қазақстандық спортшылар халықаралық жарыстарда медаль алды және финалға шықты •

    Сәбилер тоңып жатқан палата: ШҚО-ның ауруханасындағы адам төзгісіз көрініске кім жауап береді?

    Сәбилер тоңып жатқан палата: ШҚО-ның ауруханасындағы адам төзгісіз көрініске кім жауап береді?

    Фото: видеодан скрин
    Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласындағы орталық ауруханаға екі айлық сәбиімен жүгінген ана суық әрі жылусыз палатада жатқанын айтып шағымданды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Оның айтуынша, қабырғасы қирап, сылағы түсіп тұрған, терезесінен жел соғатын бөлмеде баланы емдеу былай тұрсын, жылы сақтап қалудың өзі мүмкін болмаған. Сәбиді тоңдырмау үшін үйіне шығару туралы өтініш жазғанымен, баласының қызуы көтерілген соң қайта палатаға жатуға мәжбүр болыпты.

    Төрт орындық тар бөлмеде түрлі жастағы балалар бірге жатқан, бұл санитарлық талаптардың сақталуына қатысты үлкен күмән туғызады. Осындай күйі кеткен медициналық мекемелерде халықтан МӘМС-ті міндеттеп талап ету – мүлде әділетсіз. Бұл жағдай аймақтағы медицина сапасының қандай деңгейге түсіп кеткенін анық көрсетіп, тиісті органдардан шұғыл шара қабылдауды талап етіп отыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →