Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 13 қазан 2026 $ 449,8↓€ 502,6↓₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Қазақстанда тоғыз айда 356 мың жеке кәсіпкер есептен шықты • Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Ақордада асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты • Telegram-дүкен арқылы есірткі сатқан топ мүшелері 16-17 жылға сотталды • Қайрат Нұртас концертін ұйымдастырушы үйқамаққа жіберілді • Қазақстанда тоғыз айда 356 мың жеке кәсіпкер есептен шықты • Жүргізуші куәлігін алу талаптары жеңілдейді: артық рәсімдер алынып тасталды • Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Ақордада асыл тұқымды арғымақтарды тамашалады • Трамп Ресей мен Қытайдың Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін айтты •

    «Жолаушылармен диалог орнату мәдениеті төмен»: Смайылов FlyArystan-ға шүйлікті

    Үкімет отырысында премьер-Министр Әлихан Смайылов әуе компаниялары жолаушылардың сын-ескертпелерін елемейтінін айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    «Отандық авиакомпанияларға қатысты жолаушылар тарапынан орынды сын-ескертулер айтылуда. Мәселен, рейстердің кешігуі немесе мүлдем орындалмай қалуына байланысты шағымдар көп. Айталық, осы жылдың қаңтар-ақпан айларында «Fly Arystan» компаниясы Қостанай әуежайынан Астана мен Алматыға ұшуы тиіс рейстердің жартысына жуығын орындаған жоқ. Сондай-ақ, 25 ақпанда дәл осы авиакомпанияның жолаушылары «Астана-Шымкент» рейсінің 10 сағатқа кешігуіне байланысты жанжал шығарды. Ақыр аяғында, ол рейс мүлдем орындалмай қалды», — деді Смайылов.

    Оның айтуынша, компаниялардың жолаушылармен диалог орнату, мән-жайды түсіндіру мәдениеті төмен.

    «Әуекомпаниялардың жолаушылармен тікелей диалог орнату мәдениеті төмен. Рейстердің кешігу себептерін уақтылы түсіндірмейді. Лайықты сервис ұсынылмайды. Осыдан барып, баға саясатында да көптеген сұрақтар туындайды», — деді үкімет басшысы.

    Ақпарат көзі: Ulysmedia.kz.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →