Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 29 тамыз 2026 $ 463,4 539,7 5,42
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті Алматыда Алтынсарин даңғылы мен Шаймерденов көшесінің бір бөлігі жабылады Анита Глосс: Күзгі гардеробқа қандай маталарды таңдау керек Қазақстанда жаңа заңнамалық нормалар күшіне енді Непал–Тибет шекарасындағы көшкін: Қытай билігі екінші су тасқыны болуы мүмкін екенін ескертті Вьетнамнан Алматыға ұша алмай жатқан қазақстандық туристер Әділет Жауғашар «Сүй, иә» әнінің даулы мәтінін өзгертті

    Қазақ күресінен түркістандық балуан ел чемпионы атанды

    Қазақ күресінен түркістандық балуан ел чемпионы атанды

    Фото: Gov.kz

    Шымкентте өткен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында елдің әр өңірінен жиналған балуандар бозкілемде бақ сынады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Жарыс қорытындысы бойынша, 55 келі салмақта белдескен Рузимон Тугушев Қазақстан чемпионы атанды. Ал 100 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Қайсар Шамшидинов финалға дейін жетіп, күміс медаль иеленді. Әйелдер арасында 77 келі санатында күрескен Гүлнұр Ырысхан да күміс жүлдемен қуантты.

    Бұдан бөлек, 66 келіде Ерaсыл Ахметбеков, 52 келіде Жадыра Пайыз қола жүлдеге қол жеткізді.
    Абсолюттік санат – түйе палуан сайысында Қайсар Шамшидинов тағы да жүлдегер атанып, қоржынға қосымша қола әкелді.

    Осылайша, Түркістан облысының балуандары ел чемпионатында жалпы 1 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алып, аймақ спортындағы жоғары көрсеткішін тағы бір дәлелдеді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →