Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 4 қазан 2026 $ 448,4↑€ 504,6↑₽ 5,36↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Ақтөбеде ерлі-зайыпты өлі күйінде табылды

    Ақтөбеде ерлі-зайыпты өлі күйінде табылды

    Фото: instagram.com/zello.poisk

    Ақтөбеде кеше 40 жастағы Аманжол Алмағанбетов, оның әйелі Гүлжахан Шектібаева із-түзсіз кетіп, іздеу жұмысы жүргізілді. Олар Ақтөбе қаласы 41-разьездегі үйінен шығып, хабарсыз қалған. Бүгін екеуінің де денесі қала шетінен табылды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат порталы. 

    — Полиция 1986 жылы туған әйелдің зорлық белгілері бар денесі табылуына байланысты қылмыстық іс қозғады. Одан кейінгі іс-шаралар барысында күйеуі асылып тұрған күйінде табылды. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс жүргізіп жатыр. Қажетті процестік әрекеттер жасалып, аумақ тексеріліп, заттай дәлелдемелер жинақталып жатыр. Тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →