Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды Қылмыстан зардап шеккендерге өтемақы: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды «Нөлдік тариф – тегін өңдеу емес»: сарапшы Қазақстандағы мыс өндірісіне қатысты мәселені көтерді Әзірбайжан Каспийдегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтты Дастан Сатпаев енді Қазақстанның ең қымбат футболшысы емес 25 қыркүйек – Жалпыұлттық аза тұту күні жарияланды Қылмыстан зардап шеккендерге өтемақы: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды «Нөлдік тариф – тегін өңдеу емес»: сарапшы Қазақстандағы мыс өндірісіне қатысты мәселені көтерді Әзірбайжан Каспийдегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтты

    Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

    Түркістан облысындағы өрт: аман қалған науқастар Астанаға жеткізілуі мүмкін

    Фото: Видеодан алынған скрин

    ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Түркістан облысы Алғабас ауылындағы өрттен кейін медициналық мекемелерге жеткізілген үш адам кейіннен ем-домын Шымкентте немесе Астанада жалғастыратынын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    — Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Қыз бала мен әйел жасанды тыныс алу аппаратында жатыр. Ал ер адам өз күшімен тыныс алуға қауқарлы. Олардың барлығы шок алған және 11-12 пайыздан 30 пайызға дейін әртүрлі дәрежеде күйік шалған», — деді Т. Сұлтанғазиев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

    Оның айтуынша, зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

    — Санитарлық авиациямен бес маман жіберілді. Олар қазір сол жерде ем-домға көмектесіп жатыр. Барлық дәрі-дәрмек жеткілікті. Ендігі басты мақсат – олардың жағдайын тұрақтандыру, — деді вице-министр.

    Оның сөзіне қарағанда, өрттен зардап шеккен үш науқасты Шымкентке немесе Астанадағы республикалық клиникаға жеткізу қарастырылып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →