Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тергеу изоляторындағы азап: Талдықорғанда түрме қызметкерлері кәмелетке толмаған ұлды соққыға жыққан Арсыз туыстың арамдығы: Жамбыл облысында екінші сыныптың қызын зорлаған туысы өмір бойына сотталды «Жол қараусыз қалған»: «ҚазАвтоЖолға» қатысты халықтың наразылығы күшейді Қазақстандық жасөспірім нысанаға оқ отудан әлем чемпионы атанды Жастар арасында қатерлі ісікпен ауыратындар көбейді — ғалымдар «Ауырып шаршадым»: атышулы блогер Ырысбала өзінің дуалағанғанын айтты (ФОТО) Тергеу изоляторындағы азап: Талдықорғанда түрме қызметкерлері кәмелетке толмаған ұлды соққыға жыққан Арсыз туыстың арамдығы: Жамбыл облысында екінші сыныптың қызын зорлаған туысы өмір бойына сотталды «Жол қараусыз қалған»: «ҚазАвтоЖолға» қатысты халықтың наразылығы күшейді Қазақстандық жасөспірім нысанаға оқ отудан әлем чемпионы атанды Жастар арасында қатерлі ісікпен ауыратындар көбейді — ғалымдар «Ауырып шаршадым»: атышулы блогер Ырысбала өзінің дуалағанғанын айтты (ФОТО)

    “Қызылжар” клубы ресми түрде жекеменшікке өтті

    “Қызылжар” клубы ресми түрде жекеменшікке өтті

    Бұл қадам Мемлекет басшысының кәсіби футбол клубтарын жекешелендіру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясындағы шешімдердің бірі.

    Петропавлда «Қызылжар» футбол клубының спорттық бренді, инфрақұрылымы мен активтерін жеке меншікке беру туралы келісімге қол қойылды.

    Құжат клубтың ҚФФ, FIFA және UEFA ұйымдастыратын жарыстарға қатысуына байланысты барлық құқықтар мен міндеттемелердің жаңа иесіне ауысуын бекітеді.

    Клубтың инвесторы кәсіпкер Сергей Кан. Жаңа заңды тұлға– «QYZYLJAR» футбол клубы атты жеке мекемені тіркеді. Команда өзінің атауын, клубтық түстерін және тауар белгісін сақтайды.

    Бас менеджер ретінде тәжірибелі маман Әлішер Апсалямов тағайындалды. Ол бұған дейін Sarajevo, Cardiff City, «Қайрат», «Каспий», «Атырау» және «Тобыл» клубтарында тәжірибе жинаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →