Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 9 тамыз 2026 $ 468,0 540,9 5,71
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады «Төрт мың доллар төледік»: Гүлзира Айдарбекованың үшінші келінін бала күтушісі тонап кетті Маңғыстауда мұнай кен орнында өрт шықты «Қазақтың үш қызын жар етуді нәсіп етті»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты Шавкат Рахмоновтың отбасы қара жамылды Мемлекет басшысы Сингапур Президентін ұлттық мерекемен құттықтады «Елубайдың бауы берік болсын»: Өзінен 25 жас кіші қызға үйленген актер сүйінші сұрады

    Абай облысындағы өрт: 300-ге жуық адам эвакуацияланды

    [ad_1]

    «Өрттің жалпы аумағы 1500 Га. Орман алқабында құрғақ шөп жанып жатыр. Елді мекендерге төнген қауіпке байланысты Березовка шипажайы мен Березовка подхозынан 277 адам өз бетінше туыстарына эвакуацияланды. Березовка шипажайы мен Березовка подхозында 15 адамнан тұратын қызметкерлер кезекшілік ұйымдастырды», — де мәлім етті Төтенше жағдайлар министрлігі.

    Орман өртін сөндіруге барлығы 100 техника (оның ішінде 1 өрт пойызы) және 2 тікұшақ, сондай-ақ 402 адам жұмылдырылды. Қосымша Астана қаласы, Павлодар және Қарағанды облыстарының Төтенше жағдайлар департаменттерінен 133 адам мен 26 техника жіберілген. «Қазависпас» АҚ-ның МИ-8 тікұшағы (экипажы 4 адам) да атсалысуда. Бір тәулікте 2 тікұшақпен барлығы 59 157,5 тонна су төгілді.

    «Өрт орнына вице-министр Марат Күлдіков келіп жетті. Өрт орнында командалық-штабтық машина (КШМ) жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ дағдарыс орталықтарында ТЖМ мен Абай облысының ТЖД жедел штабтары жұмыс істейді. Сенім телефоны ашық. Қазгидромет деректері бойынша 24-26 мамырда Абай облысының Бородулиха ауданында екпіні 15-20 м/с дейін жел соғады», — делінген ТЖМ хабарламасында.

    Еске салайық, 22 мамырда Ресейдің Алтай өлкесінің аумағындағы Новенькое ауылының маңында құрғақ шөп жанып, жалын «Семей орманы» табиғи резерваты аумағына тарады.

    23 мамыр күні түскі уақытта ұсынылған ақпаратта өрт 1,1 гектар аумаққа тарағаны хабарланды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →