Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 2 қараша 2026 $ 453,7↑€ 508,3↑₽ 5,65↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты • 85 мыңнан 110 мыңға: ең төменгі жалақыны көтерудің бағасын кім төлейді және ол бағаны өсіре ме? • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті • Тоқаев Теміртаудағы қалпына келтірілген трамвай қозғалысы жүйесімен танысты • Ақтау – Жетібай жолында көлік аударылып, екі адам зардап шекті • «Бір мықты сызып тастапты»: Меруерт Түсіпбаева марапатсыз қалғанын айтты • 85 мыңнан 110 мыңға: ең төменгі жалақыны көтерудің бағасын кім төлейді және ол бағаны өсіре ме? • Мумбайдан асып түсті: Алматы әлемдегі ауасы ең лас қалалардың үштігіне енді • Ташкентте жарысқа келген Қарағандылық 15 жас футболшы ауруханаға түсті •

    «Адам шығыны бар»: Маңғыстауда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты

    «Адам шығыны бар»: Маңғыстауда жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы соқтығысты

    Фото: видеодан скрин

    Жол-көлік апаты кеше сағат 13:30 шамасында Батыр мен Қызылтөбе-2 ауылдарының арасындағы трассада болған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жеңіл көлік пен жолаушылар автобусы (ПАЗ) соқтығысып, жеңіл автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты.

    Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлікті басқара алмай, қарсы бағытқа шығып кеткен.

    Ал, автобуста 4 жолаушы мен кондуктор болған. Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

    Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 3-бөлігі (көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

    — Оқиға орнында тексеру жұмыстары жүргізілді, қажетті сараптамалар тағайындалды. Қазір апаттың барлық мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →