Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды» — Тоқаев • Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады • Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі • Рыбакина мен Соболенко жеңілді: Әлемнің бұрынғы ракеткасы не дейді? • Пара алған Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталды • «Қазақмыс» Жезқазған фабрикасының инфрақұрылымын жаңартуға 218,6 млн теңге бөлді • «Соңғы жеті жылда елімізде 1 миллионнан астам оқушыға арналған 1342 мектеп салынды» — Тоқаев • Тоқаев мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады • Алматы – Азиада-2026 додасында Қазақстан қоржынына ең көп медаль салған өңірлердің бірі • Рыбакина мен Соболенко жеңілді: Әлемнің бұрынғы ракеткасы не дейді? • Пара алған Қазалы сотының төрағасы 9 жылға сотталды • «Қазақмыс» Жезқазған фабрикасының инфрақұрылымын жаңартуға 218,6 млн теңге бөлді •

    Тұрғындарды эвакуациялау басталды: қатты дауыл бес адамның өмірін қиды

    Тұрғындарды эвакуациялау басталды: қатты дауыл бес адамның өмірін қиды

    Таиландтың солтүстігінде «Кадзики» тайфунынан қаза тапқандар саны бес адамға жетті, тағы жеті адам хабар-ошарсыз кеткен, деп хабарлайды Bangkok Post-ға сілтеме жасаған Qazaq.today. 

    Табиғи апаттан 6 300 адам зардап шегіп, 1 800 үй шаруашылығы қирады.

    Бұған дейін бірнеше күн бойы Вьетнамның орталық және солтүстік аймақтарында соққан дауыл салдарынан жеті адам қаза тауып, 10 мыңнан астам үй мен кеңсе су астында қалды. Сондай-ақ 86 гектардан астам күріш егістігі жойылды.

    Билік мәліметінше, тайфун Вьетнамда тоғыз мыңға жуық үйдің шатырын бүлдірген немесе ұшырып әкеткен. Су тасқынынан үш мыңнан аса ғимаратты су басты. Мыңдаған гектар егістік алқабы жарамсыз болып, шамамен екі мың бас малды тасқын алып кеткен. Нөсер жаңбырдан ел астанасы Ханойдың көп бөлігі суға батты.

    Ал Қытайдың Хайнань провинциясында «Кадзикиге» байланысты 20 мыңнан астам адам эвакуацияланды.

    Фото: Bangkok Post

     

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →