Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Өз балаларынан қашып жүр: БҚО-да алимент төлемегендердің қарызы 250 млн теңгеден асқан • Тоқаев Түрікменстан Президентімен кездесті • Өскеменде үй өртеніп, 30 жастағы жігіт жан тапсырды •

    ШҚО-да 30 млн теңге пара алмақ болған экс-прокурор сотталды

    ШҚО-да 30 млн теңге пара алмақ болған экс-прокурор сотталды

    Шығыс Қазақстан облысында бұрынғы көлік прокуроры аса ірі көлемдегі алаяқтық әрекеті үшін сотталды. Ол көлік компаниясы филиалының директорынан тәркіленген құжаттарды «қайтаруға көмектесемін» деп 30 миллион теңге талап еткен, деп хабарлайды  YK-news.kz-ке сілтеме жасаған Qazaq.today.

    2025 жылғы сәуірде Өскемен тұрғыны – көлік компаниясы филиалының директоры – бұрынғы мемлекеттік қызметкерге (прокурорға) оның жүргізушісі арқылы хабарласады. Ол тергеу барысында тәркіленген құжаттарды білмек болған.

    Сот материалдарына сәйкес, прокурор бұл іске қатысы болмаса да, «құжаттарды 10 күн ішінде қайтарамын» деп уәде беріп, 30 млн теңге сұраған.

    Прокурордың сөзіне күмәнданған жәбірленуші мен жүргізушісі бұл жағдай туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хабарлаған. Арнайы операция барысында прокурор жүргізушісі арқылы 10 миллион теңгені алып, қосымша 20 миллион теңге көлеміндегі жалған ақша муляжын алған. Келесі күні тінту кезінде бұл қаражат тәркіленді.

    Өскемен №2 соты экс-прокурорды ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы және 24-бабы 3-бөлігі бойынша (қызмет бабын пайдаланып, аса ірі көлемде алаяқтыққа оқталу) кінәлі деп таныды. Сот шешімімен оған 3 жыл 9 ай мерзімге бас бостандығынан айыру; Мемлекеттік және квазимемлекеттік қызметтерде өмір бойына қызмет атқаруға тыйым салу жазалары тағайындалды.

    Сотталған адам жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі мекемеде өтейтін болады.

    Экс-прокурор кінәсін мойындап, өкініш білдіргенімен, сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым түсірді. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →