Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Айдос Сұлтанғали Астанадағы әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді • Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамы • Алматыда Үлкен және Кіші Алматы шатқалдарын тазарту акциясы өтті • Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды • Астанада 18 қабатты үйден өрт шығып, төрт адам құтқарылды •

    Қазақ футболшысы 17 жасқа дейінгі әлемнің ең қымбат үш ойыншысының қатарына кірді

    Қазақ футболшысы 17 жасқа дейінгі әлемнің ең қымбат үш ойыншысының қатарына кірді

    Фото: Қазақстан футбол федерациясы

    Алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының вингері Дастан Сатпаев 17 жасқа толмаған футболшылар арасында әлемдегі ең қымбат үш ойыншының қатарына енді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Transfermarkt сайты футболдағы жас ойыншылардың нарықтағы бағасын қайта жаңартты. Жаңа рейтингке сәйкес, Сатпаев 17 жасқа дейінгі ең қымбат 100 футболшының тізіміне енген жалғыз қазақстандық спортшы атанды. Қазіргі таңда Дастанның трансферлік құны 1,8 миллион еуро деп бағаланған.

    Айта кетейік, осы жас шектеуіндегі ойыншылар арасында отандасымыздан жоғары тек екі футболшы бар, олар мексикалық Хильберто Мора («Тихуана» — 3 миллион еуро) және бельгиялық Натан Де Кат («Андерлехт» — 2,5 миллион еуро).

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →