Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Баланы телефонға айырбастаған ана»: Алматыдағы балалар алаңында үлкен жанжал шықты Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы опат болды Семейдегі биліктің басылмаған батпағы: әкімдік халық пікіріне қашан құлақ асады? Атышулы Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты Жамбылда экология департаменті халықтың арызына құлақ аспай отыр: Әкімдік неге үнсіз? Заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді «Баланы телефонға айырбастаған ана»: Алматыдағы балалар алаңында үлкен жанжал шықты Шымкентте мектепке киім алуға шыққан отбасы опат болды Семейдегі биліктің басылмаған батпағы: әкімдік халық пікіріне қашан құлақ асады? Атышулы Бағдагүл емшіге сот үкімі шықты Жамбылда экология департаменті халықтың арызына құлақ аспай отыр: Әкімдік неге үнсіз? Заңгер Мейірман Шекеев өзіне қатысты іс қозғалғанын мәлімдеді

    «Әкесі – дүлдүл, анасы – бұлбұл!»: Айнұр Тұрсынбаева RaiM мен Еркенің баласына кіндік шеше болды

    «Әкесі – дүлдүл, анасы – бұлбұл!»: Айнұр Тұрсынбаева RaiM мен Еркенің баласына кіндік шеше болды

    Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева әнші RaiM мен Ерке Есмаханның үшінші ұлына кіндік шеше болды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Суырыпсалма ақын жеке парақшасында қос өнерпаздың ұлына өлең де шығарып үлгерді.

    Айнұр Тұрсынбаева қазір шет елде өмір сүреді. Ол күні кеше Сәкен Майғазиевтің тойына қонаққа келіп, кіндік ана атанған.

    «Менің кіндік баламның тұп-тура мен Алматыға келген күні дүниеге келгенін айтсаңыздаршы. Мені күтіп жатқан ғой», – деп жазды ақын.

    Одан кейін жыр шумақтарын арнады. Ерке Есмахан ұлының атын Батыр деп қойған еді.

    «Әкесі – дүлдүл,
    анасы – бұлбұл!
    Кіндік шешесі – ақын,
    Өзі – Батыр!
    Қазаққа жақын
    Ұл туып жатыр…», – деп жазды ақын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →