Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
«Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? «Ортақ баламыз болғанын қалаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды?

Қытай қазағы Ташкентте екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңіп кетті

Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасының бес боксшысынан бөлек, тағы екі қазақ баласы өтті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. 80 келіге дейінгі салмақта Қытай елінің намысын қорғайтын этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқан ширек финалды сәтті өткізді. Ол Рио және Токио олимпиадаларының чемпионы, кубалық Арлен Лопеспен жекпе жекке шықты. Бірінші раундта қарсыласқа есе жіберген ол кейін өзін тез жинап, жеңіске жетті. Осылайша, өз мансабында алғаш рет әлем біріншілігінің жартылай финалына өтіп отыр. Ол кем дегенде қола жүлдегер болады. Айта кетелік, Тоқтарбектен бөлек, Өзбекстан намысын қорғайтын қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев та әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол 63,5 келі салмақта өнер көрсетеді. Бокстан Ташкенттегі әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Қазақстан сапынан жартылай финалға бес боксшы жолдама алды.

Ақпарат көзі: kaz.nur.kz/

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика