Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды • Қызылордадағы жантүршігерлік жол апаты: Ауыр жарақат алған анасы есін жиды • Қазақстандықтар Хэллоуинді сирек атап өтетін болды • Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт боты іске қосылды • Юлия Такшина анорексиядан екі рет ауруханаға түскенін айтты • 2026 жылғы 31 қазандағы барлық зодиак белгілеріне арналған күнделікті жұлдыз жорамалы • Қазақтың киіз өнері әлемдік рекордқа тіркелді: 500 туынды сертификатталды •

    «Бұл — көп әншілердің мәселесі»: Бауыржан Иса концертіне көрермен жиналмайтынын айтты

    «Бұл — көп әншілердің мәселесі»: Бауыржан Иса концертіне көрермен жиналмайтынын айтты

    Бауыржан Исаев «КешREC» бағдарлмасына сұхбат беріп, соңғы жаңалықтарын айтты, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Сөзінше, қазір халық концертке баруды қойған. Соңғы берген кештерінде залды толтыра алмаған.

    «2015 жылы 9 адамға концерт қойғанмын. Бұл – күлетін жағдай емес. Ол кезде кәсіби сахнада жүргеніме 19 жыл болған. Жалпы өнер адамына зал толмаса, әсіресе 7-8 адам ғана болса өте ауыр. Бірақ соған қарамай 1,5 сағаттық концерт өткіздім.

    Ал былтыр Алматы облысына барғанда кешіме 4 адам келген. Онда 1 сағат өткіздік. Одан бөлек 2-3 ауданға барғанда 15-20 адамнан келді. Осы жағдайдан кейін «біздің дәуіріміз өтті ме?» немесе «біздің әндеріміз керек болмай қалған ба?!» деп қатты ойланып қалдым. Бұл – көп әншілердің мәселесі.  Кей әншілер аудан орталықтарына, ауылдарға дейін барады және жарнамасын жасайды, билеттерін кассаға қалдырады. Бірақ халық концертке келмейді. Неге екенін түсінбей қойдым.

    Тіпті халық әртісі апа-ағаларымыздың да концертіне тыңдармандар келе бермейтінін естіп жатамын . Сосын халық «мына әнші көрінбей кетті. Анау әнші жоқ болып кетті. Қайда жүр екен?!» деп іздеп жатады», — деді ол.

    Бұдан бөлек әнші келер жылы шығармашылығына 30 жыл толатынын айтты.

    «Кейде 1-2 жылда өнерді қоятын шығармын деген ой келеді. Бірақ биыл кәсіби сахнада жүргеніме 29 жыл болды. Келесі жылы шығармашылығама 30 жыл толуына орай мерекелік концерт өткізу керек. Содан кейін нақты шешім қабылдауым мүмкін», — деді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →