Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Тағы да Ақтөбе: бұл жолы қалада қоңыз қаптады KyzdarNet арқылы жеңгетайлық ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарды бекітті Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО) Тағы да Ақтөбе: бұл жолы қалада қоңыз қаптады KyzdarNet арқылы жеңгетайлық ұйымдастырған топқа сот үкімі шықты Ернұр Мырзахмет жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жеңіп алды «Әділет» партиясы Құрылтай сайлауына қатысатын кандидаттарды бекітті Жұмыс істеуге барған студентті көлік қаққан: Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты Полиция Данияр Елеусіновтің ұсталған сәтін жариялады (ВИДЕО)

«Құдағи атансам да ғашық болып қалдым»: Танымал әнші өз бақытын енді кездестіргенін айтты (ВИДЕО)

«Құдағи атансам да ғашық болып қалдым»: Танымал әнші өз бақытын енді кездестіргенін айтты (ВИДЕО)

Танымал әнші Индира Расылхан жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Өнер иесі ғашық болып қалғанын жасырмады. Тұрмыс құрғысы келетінін айтып, оқырмандарынан бақыт тілеуін сұрады.

“Алланың қалауымен ғашық болып қалдым. Жарияға жар салып, не болды мына Индираға, деп жатқан да боларсыздар. Бұл сезімді мен өмірімде сезініп көрмегендіктен, сіздерге айтпасам, ішім жарылардай сезімдемін.

Ойламаған жерден кездестік. Мұндай сезімді мен бұрын соңды сезініп көрмеген адаммын. Менің возрастымда бұл жағдай нормально ма, деп те кеше сториста сұрадым сіздерден. Барлықтарыңыз расымен де менің бақытты болғанымды қалайды екенсіздер. “Бақытты болыңыз!” “Бақытты болуға әбден лайықтысың!” деген жүрекжарды тілектеріңіз мені одан сайын бақытты етті. Мені бақытқа кенелткен бір адам бар екендігіне басында сенбеген едім. Қаншама жылдар бойы жандүниемде ондай жеңілдікті сезінген емес едім. Аллаға сансыз шүкіршілік айтамын”, – деп жазды әнші.

Сондай-ақ өнер иесі орта жасқа жеткеніне қарамастан, барлық адам бақытты өмір сүру керегін айтты.

“Дәл осы жасқа келіп, осындай махаббатты жүрегіме салып, сол адаммен қауыштырғанына Аллаға мың шүкір!
Сіздерге де осындай махаббатты сезінуді Алла жазсын! Ал, құттықтауларыңызды жаза кетіңіздер!
Менің жасымда тұрмысқа шығу қалыпты ма?! Жасым 47-де. 4 баланың анасымын. Қыз ұзатып, құдағи атандым. Мен бақытты болуға ұмтылдым. Алладан дұға етіп сұрай бердім”, – деді өнер иесі.

 

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика