Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 13 қыркүйек 2026 $ 450,8 522,9 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Кәріз суларынан есірткі іздерін анықтау жұмыстары жалғасуда Астанада туристік полиция қызметкерлері әдеп нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды Ақмарал Ерекешева Брно Гран-приінде күміс медаль жеңіп алды Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады Отбасы күні: елімізде 12 мыңға жуық адамды қамтыған мыңнан астам іс-шара өтті «Қазгидромет» 13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті Кәріз суларынан есірткі іздерін анықтау жұмыстары жалғасуда Астанада туристік полиция қызметкерлері әдеп нормаларын бұзғаны үшін жұмыстан шығарылды Ақмарал Ерекешева Брно Гран-приінде күміс медаль жеңіп алды Тоқаев қазақстандықтарды Отбасы күнімен құттықтады Отбасы күні: елімізде 12 мыңға жуық адамды қамтыған мыңнан астам іс-шара өтті «Қазгидромет» 13 қыркүйекте Алматы мен Ақтөбеде қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті

    Танымал блогер өзін бейтаныс еркектің 5 жыл аңдып жүргенін айтты

    Танымал блогер өзін бейтаныс еркектің 5 жыл аңдып жүргенін айтты

    Фото: TikTok/@maliya.023

    Танымал блогер, актриса Әлия Байбусынова өзін бейтаныс ер адамның аңдып жүргенін айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Желі жұлдызы 5 жылдан бері сталкинг құрбанына айналғанын жасырмады.

    “2020 жылдан бері бейтаныс ер адам жазып жүр. Жылы сөздері үшін алғыс айттым. Кейін тағы да жазғасын бұғаттап тастадым. Бір күні ғашық адамдарға қатысты видеороликтер жібере бастады. Өте қорқынышты жағдайлар көп болды. Бірде вокзалда менің келгенімді күтіп тұрыпты. Тіпті, фотосын да жіберді. Қатты қорқып кеттім. Оның жасы 35-42 жас аралығында, үйленген, балалары бар. Бес жылдан бері гүл жіберіп, жеке нөмеріме хабарласуын қоймады”, – деп бастады әңгімесін блогер.

    Желі жұлдызының сөзінше, жасөспірім кезінде де бейтаныс адамдар аңдып, қорқытқан көрінеді.

    “Ол кезде жасым тым кішкентай болды. Вокзалда тұрғанда бір адам мені танитынын айтып, қолымдағы жүгіме жабысты. Телефонының бетіне менің фотомды қойып қойыпты. Полиция шақырдық. Ол бұрылып кеткенде, мен үстелдің артына тығылып қалдым. Одан кейін көрші үйде тұратын бір жігіт те жазып қоймады. Екеуміз жақын жерде тұрамыз деп күн сайын хабарлама жазатын. Кейін бұғаттап тастадым. Бірде тамаққа тапсырыс бердім. Мені көрген курьер: “Әлия, сен осы жерде тұрасың ба?” деп таңғалды. Ол да маған қорқынышты болды. Мен өзімді танымал адаммын деп санамаймын. Бірақ өзімді қорғау үшін түрлі заттарды қалтама салып жүретін болдым”, – деді актриса.

    Фото: TikTok/@aliya.023

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →