Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 10 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген • Меруерт Өтекешованың 75 жылдығына төрт қабатты торт жасалды • Тоқаев Каспий экология саммитінде халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды • Түркістан облысында нөмірін жасырған жүргізуші 5 тәулікке қамалды • Пентагон Екінші дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ату жазасын тікелей эфирде көрсетпек • Оралдағы оқиға: биіктен секіріп қаза тапқан жастарды ірі – колледж студенті, екіншісі – оқушы қыз • Қарағандыдағы қылмыс: 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірген •

    18 млн теңге пара алған: Ақтау қалалық сотының төрағасы 9 жылға сотталып кетті

    18 млн теңге пара алған: Ақтау қалалық сотының төрағасы 9 жылға сотталып кетті

    Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық сотының үкімімен Ақтау қалалық сотының төрағасы Бауыржан Шайдуллин 9 жылға сотталып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Жеке сот орындаушысы Р.М. Жанахметов 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

    Олар сотталушыны бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындау сылтауымен 18 млн теңге мөлшерінде заңсыз сыйақы алу жолымен алаяқтық жасағаны және пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танылды.

    Қосымша жаза ретінде Шайдуллин мен Жанахметов өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

    «Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамда заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың, оның ішінде жоғары лауазымды адамдар арасында жолын кесу жөніндегі жұмысты жалғастыруда», -делінген хабарламада.

    Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Фото: mng.sud Милош Муратов

     

     

    .

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →