Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады Алматы облысы: Қарғалыда 15 жылдан бері жол жөнделмей, мектеп оқушылары балшық кешуге мәжбүр Tele2 тарифі қымбаттаған, ал интернеті қайда? Тұтынушылар ашулы Жезқазғанда әкімдіктің салғырттығынан тұрғындар өміріне қауіп төніп тұр Алматы әкімі білім беру саласының тамыз конференциясына қатысты Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады

    Сарыағаштағы сұмдық: Ашулы мұғалім даун ауруымен ауыратын баланы қорлаған

    Сарыағаштағы сұмдық: Ашулы мұғалім даун ауруымен ауыратын баланы қорлаған

    Фото: Freepik

    Әлеуметтік желіде «Әділ кәсіподақ» ұйымы Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы жантүршігерлік сәттің видеосын жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    13 жастағы Еркебұлан Жақыбай – ерекше күтімді қажет ететін бала. Даун диагнозы бар бүлдіршін Сарыағаш қаласындағы «Ақылды бала» коррекциялық орталығына барады. Сурет пәнінен сабақ беретін Марлен есімді азаматтың баланы аяғынан сүйреп, жерде жатқызып, бұрышқа тақап қойып күш көрсеткен сәті видеоға түсіп қалған.

    Еркебұланды сабақтан алып кетуге келген анасы Гүлжауһар Жорабековаға баласы: «Ағай мені ұрды. Қатты қорқып кеттім, жүрегім ауырып жатыр» деп жылаған.  Еркебұланның жүрегіне бұған дейін екі рет ота жасатқан.Егер сол сәтте жүрегі тоқтап қалса — кім жауап береді?

    «Біз мына жағдайға үнсіз қала алмаймыз!»- дейді кәсіпқодақ өкілдері.

    Орталықты Елдос Сәбитов есімді азамат басқарады. Әзірге құзырлы органдар бұған қатысты пікір білдірген жоқ.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →