Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 463,9 536,7 5,51
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды Дастан Сатпаев «Бернлиге» жалға берілуі туралы пікір білдірді «Енеден гөрі ана болған оңай»: Жазира Байырбекова ене мен келін тақырыбын қозғады «Ота төрт сағатқа созылды»: Сәкен Майғазиев Кенжебек Жанәбіловтің қазіргі жағдайын айтты Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрін Тәуелсіздік күнімен құттықтады Астана-Щучинск автожолында жүк көлігі өртеніп кетті Шымкентте жасөспірім қыз аттракционнан құлап, қолын сындырып алды

    Бүгін Чемпиондар лигасы ширек финалының ойындары басталады

    Бүгін Чемпиондар лигасы ширек финалының ойындары басталады

    Фото: championat.com

    Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы ширек финалының алғашқы екі ойыны өткізіледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Екі кездесу де Қазақстан уақытымен 23:50-де басталады. Жарыстың аталған сатысындағы кездесудің бірінде «Бавария» (Германия) мен «Интер» (Италия) шеберлік байқасады. Бұл ойын «Qazaqstan» телеарнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

    Ал тағы бір жұпта «Арсенал» (Англия) мен «Реал Мадрид» (Испания) кездесуі белгіленген. Аталған ойынды қазақстандық жанкүйерлер «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.

    Сондай-ақ 9 сәуірде «Барселона» (Испания) мен «Боруссия Дортмунд» (Германия), «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Астон Вилла» (Англия) жасыл алаңға шығады.

    Қарымта ойындар 15 және 16 сәуірге белгіленген.

    Биылғы маусымда аталған турнир жаңа ереже бойынша өткізіліп жатыр. Жалпы кезеңде алғаш рет 36 команда ойнап, алғашқы он екі орынға ие болғаны бірден 1/4 финалға жолдама алды. Қалған он екісі 1/8 финалда бақ сынады.

    Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц арена» стадионында өткізіледі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →