Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды • Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді • Қазақстан экономикасы саннан сапаға бет алды: соңғы жеті жылда не өзгерді? • «Менімен алысқанша төрешілермен алысыңдар»: Аслан Қаженов өткір мәлімдеме жасады • Әлемді шайқап жүрген боксшы қыздар Азиададан мүлдем алтынсыз қалды • Атырау облысында жол қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты • Қазақстандық әртіс Қытайда «Жылдың әні» жүлдесін жеңіп алды • Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтеді • Қазақстан экономикасы саннан сапаға бет алды: соңғы жеті жылда не өзгерді? • «Менімен алысқанша төрешілермен алысыңдар»: Аслан Қаженов өткір мәлімдеме жасады • Әлемді шайқап жүрген боксшы қыздар Азиададан мүлдем алтынсыз қалды • Атырау облысында жол қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты •

    Талдықорғанда білім бөлімінің бастығы ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

    Талдықорғанда аса ірі мөлшерде пара алды деген күдікпен білім бөлімінің бастығы ұсталды. Бұл туралы Антикор мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Облыс бойынша антикоррупциялық қызмет Талдықорған қаласы білім бөлімінің басшысына қатысты тергеу жүргізіп жатыр.

    Ол білім бөлімінде бюджет қаражатын ұрлау фактілерін жасырғаны үшін қарамағындағылардан 280 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген.

    Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

    Өз кезегінде пара берген адамдар бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау туралы іс бойынша негізгі айыпталушы саналады және соттың санкциясымен қамауда отыр.

    Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр, күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін айқындай отырып, түпкілікті үкімді сот шығаратын болады.

    ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

    Сонымен бірге Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес күдіктінің кінәлілігі заңды күшіне енген сот үкімі шықпайынша кінәсіз деп есептеледі.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →