Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Атырау облысында жол қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты • Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барды • «Әлі түрін естиін деп тұрмын»: Ырысбала Икрамбай енесінің сөзшең екенін айтты • Каспийдегі трагедиядан кейін Threads авторларына полиция қоңырау шалды ма? • Британдық шахматшы 11 жасында әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстер атанды • Азат Перуашев туралы жалған ақпаратқа қатысты қылмыстық іс қозғалды • Атырау облысында жол қызметінің көлігі жылқымен соқтығысып, жасөспірім қаза тапты • Қасым-Жомарт Тоқаев Мюнхен қаласына барды • «Әлі түрін естиін деп тұрмын»: Ырысбала Икрамбай енесінің сөзшең екенін айтты • Каспийдегі трагедиядан кейін Threads авторларына полиция қоңырау шалды ма? • Британдық шахматшы 11 жасында әйелдер арасындағы ең жас гроссмейстер атанды • Азат Перуашев туралы жалған ақпаратқа қатысты қылмыстық іс қозғалды •

    «Вагнер» қатарындағы қазақстандық елімізде әскерге жарамсыз болып танылған

    ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған 23 жастағы қазақстандық Марғұлан Бекенов әскерге жарамсыз. Бұл туралы Қазақстан Қарулы күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының бірінші орынбасары, генерал-майор Қаныш Әбубәкіров айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni -сілтеме жасап.

    Ол (ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған қазақстандық) Қазақстан Қарулы күштері қатарында қызмет етуге жарамсыз болып танылған. Негізгі ақпаратқа тоқталсақ, бұл іспен айланысып жатқан басқа да органдар бар және олар (оның әрекетіне) құқықтық баға береді, — деді Қаныш Әбубәкіров ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

    Ал кеше СІМ ЧВК «Вагнер» қатарына қосылған қазақстандықты елге оралғанда қандай жаза күтіп тұрғанын хабарлаған болатын.

    Еске сала кетсек, 23 жастағы қазақстандық Марғұлан Бекенов Ресейдің «арнайы операциясына» үлес қосуға өз еркімен шешім қабылдағанын мәлімдеп, үндеу жолдаған еді.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →