Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 23 шілде 2026 $ 468,2 534,1 5,98
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды Грузия 102 заңсыз мигрантты, соның ішінде қазақстандықтарды елден шығарды Астанада кондиционерлерді орнатудың жаңа ережелері енгізіледі «Қайрат» Чемпиондар лигасы іріктеуінде кипрлік «Омониямен» кездеседі Нұрбол Назарбаевтың миллиардтары: бұғаттау алынып, банкроттықтан бас тартылды Жазира Байырбекова ұлы мен келінін бөлек шығаруға қатысты кеңес сұрады Өзбекстанда енесі келінін пышақтап өлтірді – 10 жыл бас бостандығынан айырылды Грузия 102 заңсыз мигрантты, соның ішінде қазақстандықтарды елден шығарды Астанада кондиционерлерді орнатудың жаңа ережелері енгізіледі

    БҚО-да жол апатынан 3 адам қаза тапты

    БҚО-да жол апатынан 3 адам қаза тапты

    Батыс Қазақстан облысында бүгін жол апатынан 3 адам қаза тапты. Қайғылы оқиға сағат 10:30-дардың шамасында Казталов-Жәнібек жолының 111 шақырымында орын алған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

    Орал қаласынан 447 шақырым жердегі Өнеге ауылының маңында «Ford Focus» көлігінің жүргізушісі алда келе жатқан жүк көлігін басып озбақ болған. Бірақ қарсы бағыттағы «Chevrolet Cobalt» автомобилін аңғармаған. Екі көліктің бетпе-бет соқтығысуы салдарынан «Ford Focus» жүргізушісі мен «Cobalt» көлігінің жүргізушісі және бір жолаушысы оқиға орнында қаза тапты, — дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    Жол апатына ұшыраған «Ford Focus» көлігіндегі 4 жолаушы қазір түрлі дене жарақатымен Жәнібек аудандық ауруханасына жеткізіліпті.

    Үшеуінің жағдайы қанағаттанарлық, ал біреуінің жағдайы өте ауыр. Науқасқа қазір интенсивті терапия палатасында тиісті ем көрсетілуде, — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →