Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 30 қыркүйек 2026 $ 441,2↓€ 501,3↓₽ 5,22↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті • Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды • Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты • Жетісу облысында әйелдің автокөлігінен бір келіге жуық мефедрон табылды • Абиба Әбужақынова қарсыласын 25 секундта жеңіп, жартылай финалға өтті • Петропавлда жүзу жаттықтырушысы қоздырғыш дәрілермен ұсталды • Алуа Балқыбекова Азия ойындарының қола жүлдегері атанды • 800 млн теңге: Қазақмыс Шу ауданындағы спорт инфрақұрылымын жетілдіріп жатыр • Шамиль Ожаев грек-рим күресінен Азиаданың ширек финалына шықты •

    Стамбулда қақтығыс болып, бір қазақстандық жараланды

    Стамбулда қақтығыс кезінде Қазақстан азаматына оқ тиіп, жарақат алды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

    «18 сәуірде Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығына біздің азаматтан қоңырау келіп түсті, ол өзіне оқ тигенін хабарлады. Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеруден өтті, ота жасалады деп күтілуде. Қазір жерлесіміздің жағдайы тұрақты», — деді Айбек Смадияров.

    Белгілі болғандай, отандасымыз жарақат алған кезде қасында әйелі болған.

    «Алдын ала мәліметтер бойынша, отандасымыз жергілікті азаматтар арасындағы атысқа кездейсоқ тап болған. Ол өздігінен кетіп бара жатқанда оқ тиген. Бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр», — дейді ведомстводан.

     

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →