Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 13 тамыз 2026 $ 466,1 537,7 5,65
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды Италияда әйел қоқысқа тастаған лотерея билетінен миллион еуро ұтып алды Бесағашта бойжеткенге қырындаған қария анықталды Үндістанда ұшқыштың есірткі әсерінде болуы 20 жолаушының зардап шегуіне себеп болды Астанада Халықаралық жастар күні: «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды Таразда жел батутты көтеріп, ішіндегі екі бала жерге құлады Айгүл Иманбаева екі жыл бұрынғы үйлену тойын еске алды

    Дина Таңсәрінінің үстінен 6 бап бойынша қылмыстық іс ашылған — прокуратура  

    Дина Таңсәрінінің үстінен 6 бап бойынша қылмыстық іс ашылған — прокуратура  

    #НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәріні Қазақстанның заң органдары алты бап бойынша іздеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев мәжіліс кулуарында журналистерге қоғам белсендісін іздеп табу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтты.

    «Дина Таңсәрі Смаилованы алты бап бойынша іздеп жатырмыз. Көбісі алаяқтыққа қатысты. Қазіргі таңда оның қайда екені анықталып жатыр. Анықталған бойда экстрадициялық материалдарды жібереміз», — деді Ғалымжан Қойгелдиев.

    ІІМ Дина Таңсәріге қатысты тергеудің жүріп жатқаны жайлы осыдан екі жыл бұрын мәлімдеді. Алматы қаласының, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының полиция департаменттері Динара Смайыловаға (Таңсәрі) қатысты қылмыстық іс ашқан.

    Қазақстандағы қыз-келіншектер мен балалардың зорлыққа ұшырауын мәлімдеп жүрген Смайылова 2021 жылдан бастап елден кетіп қалған. Шетелде тұрса да қоғам белсендісі жұмыстарын әлі күнге тоқтатпаған.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →