Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 31 қазан 2026 $ 452,9↓€ 506,6↓₽ 5,57↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Grand Slam турнирінде бесінші орын алды • Куат Хамитов ММА-да 29-шы жеңісін алып, қазақстандық футболды сынға алды • Алтын Шағаева әлем чемпионатында бесінші орын алды • Елдос Сметовті әуежайда отбасы қарсы алған видео желіде тарады • Қуат Хамитов АСА 209 турнирінде Махноны екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді • Алтын Шағаева күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды •

    Ақтөбе облысындағы кен байыту комбинатында апат болып, екі жұмысшы қаза тапты (ВИДЕО)

    Ақтөбе облысындағы кен байыту комбинатында апат болып, екі жұмысшы қаза тапты (ВИДЕО)

    Фото: t.me/HromtauLIVE

    Ақтөбе облысы Хромтау ауданында орналасқан Дөң кен-байыту комбинатында жүк көлігі аударылып кетті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

    Апат салдарынан екі жұмысшы оқиға орнында қаза тапты.

    «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатындағы жол-көлік оқиғасы салдарынан кәсіпорынның екі қызметкері көз жұмды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Компания марқұмдардың отбасына қажетті көмек көрсетеді”, – делінген «Қазхром» компаниясының хабарламасында.

    Фото: t.me/HromtauLIVE

    Әлеуметтік желіде комбинатта болған жол апатының видеосы жарияланды. Видеодан жүк көлігінің үлкен жылдамдықпен келе жатып, аударылып кеткенін көруге болады.

    Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушы қаза тапқан.

    «Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – делінген полиция хабарламасында.

    Ақтөбе облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі департаменті оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрды. Тексеру қорытындысы бойынша жауапты тұлғаларға заң аясында шара қолданылатын болады.

    Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбе облысындағы шахтада кен опырылып, жұмысшы қаза тапқаны туралы жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →