Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 6 қараша 2026 $ 452,6↓€ 509,7↑₽ 5,53↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды • «Екі ұлдан кейін қызды бола алмадым»: Әнші Жеңіс Ысқақова өкінішін айтты • Аша Матайдың «Қазақ хандығы қай жылы құрылды?» деген сұрағына жауап бере алмағаны талқыға түсті • «Бизнеске кедергі жасамау жеткілікті»: тексеруге үш жылдық мораторий кәсіпкерлікті шынымен өсіре ме? • Халықаралық хоккей федерациясы Ресей құрамаларын жіберуге міндеттелді • «Қазақмыс» Балқаш зауытында мазут шығынын 15%-ға азайтты • Халықаралық іздеуде жүрген 24 жастағы қазақстандық Таиландта ұсталды •

    Қазақстанда прокатқа шықпаған екі фильм үшін бюджеттен 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген

    Қазақстанда прокатқа шықпаған екі фильм үшін бюджеттен 1 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінген

    Фото: Pixabay

    Алматы прокуратурасы мәдениет комитеті төрағасының орынбасары ұлттық киноға бөлінген ақшаны дұрыс игермегенін анықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Алматы прокуратурасы 2019-2023 жылдарға ұлттық киноны қолдауға бөлінген бюджет қаражатын игеруге қатысты тексеріс жүргізді.

    “Ұлттық фильмдердiң қаржысы тиiмсiз игерілгені анықталды. 2019-2021 жылдар кезеңінде «Выбор» кинофильміне 500 миллион теңге бөлінді. Алайда аталған фильм прокатқа сол күйі шықпады”, – деп мәлімдеді прокуратура.

    «Кинематография туралы» Қазақстан заңының 12-бабы, 1-тармағына сай, мемлекеттік қаржылық қолдау, ұлттық фильмдерді және соған байланысты іс-шараларды шығаруды, прокаттауды және көрсетуді ұйымдастыру, сондай-ақ ұлттық фильмдерді шетелде көрсету үшін ұсынылады. Оның үстіне, аталған фильмге прокаттау куәлігі алынбаған, бұл заңға қайшы келеді.

    Мемлекет заңнамада көзделген прокаттан және фильм көрсетілімінен түсетін кірістің 20%-ын алу мүмкіндігінен айырылған.

    Сонымен қатар 421 миллион теңгеге қаржыландырылған «Тырналар» фильмі прокатқа шыққан жоқ.

    “2019 жылдан бастап фильмдер мониторингінің бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қолданысқа енгізілмеген, ол елдің барлық кинотеатрларында кинокөрсетілімдер мен сатылған билеттер бойынша, сондай-ақ фильмнің бюджеті бойынша статистиканы қадағалауға мүмкіндік берер еді”, – деп мәлімдеді Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі.

    Қадағалау актісі бойынша мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары, сондай-ақ «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасының орынбасары Азамат Белқайыров тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →