Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 6 тамыз 2026 $ 471,0 543,4 5,85
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО) Түрмеде ақша бопсалаған: ШҚО-да сотталғандарға тағы үкім шығып, жазалары ауырлады 100 мың теңге төлеп, нәжіске шомылған: Алматы облысында демалушылар шу шығарды «Күзде той жасаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО) Айгүл Иманбаева бір әкеден туған бауырлар туралы пікірін білдірді Мақпал Жүнісова мен Бүркіттің дүкендегі кездесуі желіде қызу талқылануда 25 миллион талап етіп отыр: Бишімбаевтың анасы экс-келінін сотқа берді (ВИДЕО) Түрмеде ақша бопсалаған: ШҚО-да сотталғандарға тағы үкім шығып, жазалары ауырлады 100 мың теңге төлеп, нәжіске шомылған: Алматы облысында демалушылар шу шығарды «Күзде той жасаймыз»: Динара Сәтжан қуанышты жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО) Айгүл Иманбаева бір әкеден туған бауырлар туралы пікірін білдірді Мақпал Жүнісова мен Бүркіттің дүкендегі кездесуі желіде қызу талқылануда

    БҚО-дағы ауруханада 4 жасар қыз отадан кейін қайтыс болды

    БҚО-дағы ауруханада 4 жасар қыз отадан кейін қайтыс болды

    Батыс Қазақстан облысында төрт жасар науқас отадан кейін төрт күн өткен соң қайтыс болды. Мамандар баланың өлімінің себебін анықтап жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

    Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, кішкентай науқас облыстық көпсалалы аурухананың ЛОР бөліміне 25 қыркүйекте түскен. Анасының айтуынша, қызының мұрнымен тыныс алуы қиындаған, жиі суық тиген, түнде қорылдаған, тамағы жиі ауырған, ұйқысы бұзылған. 26 қыркүйекте қызға ота жасалған.

    Төрт күннен кейін бала көп қан жоғалтқан және ұйыған қан құса бастаған.

    «30 қыркүйекте сағат 00:35-те ота бөліміне ауыз қуысынан қан кету белгілері бар қыз бала түсті. Ауыз қуысы мен жоғарғы тыныс жолдары қалпына келтірілді. Сағат 00:40-та оның жүрегі тоқтап қалды. Оған реанимациялық іс-шаралар жасалды, бірақ нәтиже болмады», — деп хабарлады ведомство.

    Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың өліміне не себеп болғаны екі аптадан кейін, патологиялық (гистологиялық) зерттеудің қорытындысы шыққан кезде анықталатынын хабарлады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →